«Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 287 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 999 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 514 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16568 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін күшіне енген қарыз шарттарына және олар тоқтатылғанға дейін оларды іске асыру жөніндегі құқықтық қатынастарға қолданылмайды.».