Жер қойнауын пайдалануға арналған және жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған лицензияларды беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) өтініштер нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 384 бұйрығы
(2021.16.06. берілген өзгерістермен)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 29-бабының 4-тармағына, 32-бабының 3-тармағына, 86-бабының 1-тармағына, 187-бабының 1-тармағына, 193-бабының 4-тармағына, 204-бабының 1-тармағына, 211-бабының 3-тармағына, 241-бабының 1-тармағына, 251-бабының 3-тармағына, 256-бабының 2-тармағына, 265-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру туралы өтініш нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтініш нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтініш нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтініш нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру туралы өтініш нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кен іздеушілікке арналған лицензияны беру туралы өтініш нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта рәсімдеуге өтініш нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны ұзарту туралы өтініш нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны ұзарту туралы өтініш нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жер қойнауы учаскелерін қайта құруға арналған өтініш нысаны;