Солтүстік Қазақстан облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 шешімі
(2023.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023.17.04. № 2/1 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтарданбастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 397 818 250,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 43 973 425 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 444 278,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 081 мың тенге;
трансферттер түсімі – 352 397 466,1 мың теңге;
2) шығындар – 376 527 438,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 22 785 630,3 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 36 920 685,3 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 135 055 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 2 500 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 2 500 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 994 817,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 994 817,9 мың теңге:
қарыздар түсімі – 26 939 474 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 34 053 339,7 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 11 108 683,6 мың теңге.
2. 2023 жылға арналған облыстық бюджет кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін: