(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫНА ЖІБЕРУ ҮШІН МЕК...

Осы редакция 2017 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы 17 шілдедегі

№ 321 қаулысымен

бекітілген

 

 

 «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттіккөрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдері(бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);

3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz  (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.

Портал арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі және (немесе) «жеке кабинетке» қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат түріндегі хабарламасы жіберіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимылтәртібін сипаттау

 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылатын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.