«Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 330 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеде:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже»;
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.»;