«Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларын бекіту туралы»

2015 жылғы 20 наурыздағы

№ 236 бұйрығына

4-қосымша

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы

объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

 санитариялық қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. «Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық кағидалар (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар), Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, қызметі мұнай операцияларын жүзеге асыратын объектілер мен құрылыстарды, сондай-ақ мұнай операцияларымен (жасанды аралдармен, эстакадалармен, бұрғылау платформалармен, дамбалармен және жүзгіш бұрғылау қондырғылармен - ЖБҚ) байланысты өзге теңіз құрылыстарын жобалаумен, реконструкциялаумен, пайдаланумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.

2. Гигиеналық крийтерилер бойынша мұнай өнеркәсібі объектілеріне мынадай негізгі өндірістер мен жұмыс түрлері жатады:

1) мұнаралық құрылыстар (бұрғылау қондырғыларының құрылысы);

2) барлау жүргізетін және пайдаланатын мұнай ұңғымаларын бұрғылау;

3) мұнай кенорындарын пайдалану (өндіру, мұнайды алғашқы және кешенді өңдеу, қосымша газды өндіру);

4) ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу;

5) ұңғымаларды сынақтан өткізу және игеру;

6) тығындау жұмыстары.

3. Осы Санитариялық кағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылды:

1) атмосфераның жерге жақын қабаты - жердің бетінен бірнеше он метрлік биіктіктегі атмосфераның шекаралық қабатының бөлігі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.