(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ КАНДИДАТТАРЫ ҮШІН ҮГІТТІК БА...

Семей қаласының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 793 Қаулысы

(2023.23.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023.20.02. № 128 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағының негізінде, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023.20.02. № 128 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2. Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023.20.02. № 128 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Семей қаласының ауылдық округтері және кенттерінің әкімдері:

1) барлық кандидаттардың тең құқығын қамтамасыз ету жағдайында үгіт баспа материалдарын орналастыруды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін, үй-жайларды бірдей және тең жағдайда ұсынуды қамтамасыз етсін;

2) белгіленген орындарды үгіт материалдарын орналастыру үшін стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

4. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру - инспекторлық жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасы заңнамасындағы белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.