«Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 102-2252 Қаулысы (күші жойылды)

Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 102-2252 Қаулысы

 

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 102-406 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3) тармақшасына, «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 4-3/421 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлімiнде № 11766 болып тiркелген) сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 3-қосымшаға сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.