Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығы
(2023.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 12 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.29.06. № 626 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 7-тармағына және 90-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, оңалту рәсіміндегі және банкроттық рәсіміндегі астық қабылдау кәсіпорындары кредиторларының талаптары тізілімінің нысаны;
4) ҚР Қаржы министрінің 2021.29.06. № 626 бұйрығымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, кредиторлар талаптары тiзiлiмiн уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.