«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасы» (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 1-қосымша) (2026.21.08. берілген өзгерістермен)

ҚР Қаржы министрінің 2024.31.07. № 500 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2026.02.02. № 69 бұйрығымен оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда (2026 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2026.31.07. № 517 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

міндетін атқарушының

2020 жылғы 10 шілдедегі

№ 665 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

Қағидасы

(2026.21.08. берілген өзгерістермен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияны алу және/немесе қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесімен электрондық құжат нысанындағы өтініші портал арқылы қабылданады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.