«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және оларды сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 221 бұйрығы (2025.19.05. берілген өзгерістермен)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және оларды сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 221 бұйрығы

(2025.19.05. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 98 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.03.07. № 194 бұйрығымен (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 98 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және оларды сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.