«Мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 356 бұйрығы (2019.17.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 356 бұйрығы

(2019.17.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығымен күші жойылды

 

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының 14-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемориалдық тақталарды орнатудың қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың гербтық мөрмен расталған электрондық тасымалдаушыдағы көшірмелерін қағаз нұсқаларының көшірмесімен қоса «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялау үшін жолдауды;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралар орындалған күннен бастап он күннің ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт

министрінің

2015 жылғы 16 қарашадағы

№ 356 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.