«Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 983 Қаулысы (күші жойылды)

 «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 983 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларында:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес әзірленді және топішілік қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында белгіленген шектеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.