«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 555 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 555 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

705-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«705-1. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін ішкі нарықта мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту инвестициялық жобаның ТЭН-ін түзету және жаңа ТЭН әзірлеу үшін негіз болып табылмайды.

Бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған, сондай-ақ тиісті қорытындылар берілген инвестициялық жобаның ТЭН негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.