«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 353 шешімі (2026.13.03. берілген өзгерістермен)

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы
Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 353 шешімі

(2026.13.03. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мыналар:

1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

2) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Мәслихаттың «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 13 шешімінің (2016 жылғы 23 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6320 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

М. Оркашбаев

 

Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы

С. Кстаубаева

 

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2024.16.05. № 184 шешімімен (2024 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.25.02. № 434 шешімімен (2026 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді

Мәслихаттың

2020 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 353 шешіміне

1-қосымша

 

 

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

 

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар

1

Қамысты ауылында Ержанов көшесіндегі орталық алаң

2

Қамысты ауылында Северная көшесіндегі «Юность» стадионы

Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін арнайы маршрут

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.