16. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 1-тармағы «сумен қамтамасыз етуде» деген сөздерден кейін «, ирригациялық жəне (немесе) дренаждық жүйелерді пайдалануда, жөндеуде жəне реконструкциялауда» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 11-бап «сумен қамтамасыз ету,» деген сөздерден кейін «ирригациялық жəне (немесе) дренаждық жүйелерді пайдалану, жөндеу жəне реконструкциялау,» деген сөздермен толықтырылсын.
17. «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
11) тармақшадағы «апандар», «малды аялдатуға», «қойларды тоғытуға арналған ыдыстар», «құрылыстар» деген сөздер тиісінше «қазбатоғандар», «мал иіруге», «қой тоғытқылар», «құрылысжайлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
«12-2) қазбатоған - құрғақ жерлерде жаңбыр немесе жерасты суларын жинау жəне сақтау үшін қазылған жəне ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға арналған шұңқыр, ор, шурф, қазаншұңқыр;»;
2) 13-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «апандарға» деген сөз «қазбатоғандарға» деген сөзбен ауыстырылсын.
18. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
18-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын» деген сөздер «жерүсті жəне жерасты су объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 13) тармақшасының екінші бөлігінде:
«каналдар арқылы су беру» деген сөздерден кейін «, суару үшін су беру» деген сөздермен толықтырылсын;
«пайдалану жəне қорғау» деген сөздер «қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-бапта:
бірінші абзацтағы «су қорын пайдалану жəне қорғау, сумен жабдықтау, су бұру» деген сөздер «су қорын қорғау жəне пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 2-1), 2-2) жəне 2-3) тармақшалар «каналдар арқылы су беру» деген сөздерден кейін «, суару үшін су беру» деген сөздермен толықтырылсын;
1. Осы Заң 2025 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасының күші 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8. Су объектісінің жағалау жиегінен бес жүз метр шегінде орналасқан жер учаскелерін беру ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерін, балық шаруашылығы мен аквашаруашылықты орналастыруға жəне оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоспағанда, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары айқындалғаннан, сондай-ақ олардың шаруашылық мақсатта пайдаланылу режимі белгіленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Жағалау жиегін айқындау тəртібі су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы уəкілетті орган бекіткен су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларында айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші су ресурстарын қорғау жəне пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясының келісуі болған кезде жер учаскелерін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабының 2-тармағында тыйым салынбаған мақсаттар үшін беруге қолданылмайды.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттар үшін берілген жерлердің нысаналы мақсатын кейіннен өзгертуге жол берілмейді.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 9 сәуір
№ 179-VIII ҚРЗ