(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ БЮДЖЕТТІК СЫНЫПТ...

Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығы

(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2026 ж. 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 10-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2025.09.12. № 761 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мыналарды:

бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;

бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;

бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтитын Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң құрылымы бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

ҚР Қаржы министрінің 2025.09.12. № 761 бұйрығымен Бюджет түсімдерінің сыныптамасы өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 4 сәуірдегі

№ 151 бұйрығына

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.