«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызметтің көрсету қағидасы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына 1-қосымша) (2026.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2020 жылғы 29 мамырдағы

№ 66 бұйрығына 1-қосымша

 

 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу»

мемлекеттік қызметтің көрсету қағидасы

(2026.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Әділет министрінің 2026.13.05. № 443 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметтер туралы Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

ҚР Әділет министрінің 2025.16.01. № 34 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

ҚР Әділет министрінің 2021.12.10. № 884 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.16.01. № 34 бұйрығымен (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.