Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 шешімі
(2023.22.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023.29.09. № 58 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 408-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 24 ақпандағы
№ 16 шешімімен бекітілген
Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023.29.09. № 58 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)