«Әлеуметтік-экономикалық саладағы прокуратураның құқық қорғау функцияларын іске асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 7 бұйрығы (күші жойылды)

Әлеуметтік-экономикалық саладағы прокуратураның құқық қорғау функцияларын іске асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 7 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығымен күші жойылды

 

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-экономикалық саладағы прокуратураның құқық қорғау функцияларын іске асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 85 бұйрығының (Hормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9773 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 10 қазанда жарияланған) және «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 172 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14554 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) қосымшасының 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаменті:

1) мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.