«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 764 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 712 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 764 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 712 бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17755 болып тіркелген)» мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

 

Е. Саденов

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

2023 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 712 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.