«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» (Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/533 Қаулысымен бекітілген) (2019.06.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің 2016.21.04. № А-5/187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.17.05. № А-5/221 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 қарашадығы

№ А-11/533 қаулысымен

бекітілген

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № А-2/41 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.06.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының халықты жұмыспен қамту орталықтарымен көрсетіледі (бұдан әрі - жұмыпен қамту орталығы).

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

1) жұмыпен қамту орталығы;

2) тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда - кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі - ауылдық округтің әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.