Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы III сессиясының № 63 шешімі
Осы редакция 2021 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Теміржол көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жойылсын:
1) Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының «Әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы темір жол жолаушылар қатынастарының тізбесін бекіту туралы» № 469 шешімі;