«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 275-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33016 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінің қатарынан «Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы», «Әдебиет, театр және кино», «Журналистика және қоғамдық қызмет», «Спорт», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Ғылым» бағыттары бойынша 6 (алты) секция құрылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комиссияның сыйлық берілетін кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Қажетті дауыс саны болмаған кезде сыйлық берілмейді. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Уәкілетті орган конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі негізінде сыйлықты беру туралы бұйрық қабылдайды.
15. Сыйлықты беру туралы бұйрық уәкілетті органның интернет-ресурсын қоса алғанда, масс-медиада жарияланады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Сыйлықтар салтанатты жағдайда беріледі.