«Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 4 мамырдағы № 16/144-VIII шешiмi

«Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 4 мамырдағы № 16/144-VIII шешiмi

 

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №202-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

9-тармақта:

1), 3), 4), 5), 7), 10) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңестік әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

Заңның 5-бабында көрсетілген басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 45 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;

3) 26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні:

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 45 АЕК мөлшерінде;

1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдарға - 45 АЕК мөлшерінде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.