(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЕТЕЛДІК ҚЫЗМЕТКЕРГЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА ЖӘНЕ ЖҰМЫС ...

Осы редакция 2017 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Жамбыл облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 шілдедегі

№ 158 қаулысымен бекітілген

 

 

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті

әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін

шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден немесе шетелдік қызметкерден) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту бойынша қызмет көрсету кезінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.