Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 Қаулысы
(2025.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 124-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;
2) Осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;
3)Осы қаулыға 3 қосымшаға сәйкес «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;
4)Осы қаулыға 4 қосымшаға сәйкес «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;
5)Осы қаулыға 5 қосымшаға сәйкес «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;
6)Осы қаулыға 6 қосымшаға сәйкес «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;
7)Осы қаулыға 7 қосымшаға сәйкес «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;
8)Осы қаулыға 8 қосымшаға сәйкес «Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;
9)Осы қаулыға 9 қосымшаға сәйкес «Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;