«Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 133 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарда:

мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:

«4-2. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту инвестициялық жобаның ТЭН-ін түзету және жаңа ТЭН әзірлеу үшін негіз болып табылмайды.

Бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған, сондай-ақ тиісті қорытындылар берілген инвестициялық жобаның ТЭН негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.