2024-2026 жылдарға арналған Қосшы қаласының бюджеті туралы
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 78/17-8 шешімі
(2024.08.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Бюджет кодексiнiң 9-бабының 2-тармағына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2024.28.02. № 106/23-8 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.14.06. № 116/26-8 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.08. № 123/28-8 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.11. № 141/32-8 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 20 892 231,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 2 953 040,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 51 133,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 34 078,2 мың теңге;
трансферттер түсімі - 17 853 979,8 мың теңге;
2) шығындар - 24 053 096,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 3 160 864,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 160 864,2мың теңге.
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2024.14.06. № 116/26-8 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)