«2017-2018 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 28 шілдедегі № 359 бұйрығы (2017.20.12. берілген өзгерістермен)

2017-2018 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 28 шілдедегі № 359 бұйрығы

(2017.20.12. берілген өзгерістермен)

 

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысына сәйкес, сондай-ақ 2017-2018 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның 2017 жылғы 22 шілдедегі № 29- хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2017-2018 оқу жылына магистрлерді даярлауға;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2017-2018 оқу жылына PhD докторларын даярлауға;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес педагогикалық кадрларды магистратурада ағылшын тілінде оқытуға мынадай мамандықтар: 6М011000 «Физика», 6М011100 «Информатика», 6М011200 «Химия», 6М011300 «Биология» бойынша даярлауға;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жалпы конкурс бойынша 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы басым салалары үшін бейіндік магистратурада магистрларды даярлауға орналастырылсын.

2. Қаржы департаменті (А. Өтешова) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған білім алушылар контингентіне сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын қаржыландыруды жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г. Көбенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.