(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ САНЫНЫҢ С...

Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығы

 

Осы редакция 2022 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қатамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрі

 

 

Б. Нурымбетов

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2020 жылғы 2 қыркүйектегі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.