Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 15/4 «Теміртау қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 шілдедегі № 29/4 шешімі
Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 15/4 «Теміртау қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 26142 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 30 444 466 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша – 24 187 834 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 213 737 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 379 211 мың тенге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 5 663 684 мың теңге;
2) шығындар – 37 320 109 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 21 868 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 868 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 6 853 775 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру – - 6 853 775 мың теңге;
қарыз түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 220 222 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7 073 997 мың теңге»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Теміртау қаласы жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 495 615 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге 1, 4, 5-қосымшалар осы шешімге 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат хатшысы | А. Ломакин |
Теміртау қалалық мәслихатының
2022 жылғы 28 шілдедегі
№ 29/4 шешіміне
1-қосымша