Ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Шығыс Қазақстан облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 255 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Шығыс Қазақстан облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Шығыс Қазақстан облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 157 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8726 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.