«Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 317 бұйрығы

 «Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 317 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларына:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Республикалық палаталар жыл сайын есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 10 қаңтарына дейін астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды республикалық тізілімге енгізу үшін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады.»;

көрсетілген қағидаларға қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Сапаров

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2026 жылғы 27 тамыздағы

№ 317 бұйрығына

қосымша

 

Асыл тұқымды жануарлардың

республикалық тізілімін жүргізу

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.