Кондоминиум объектісін басқарудың үлгілік шарттын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 165 бұйрығы
(2025.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.12.09. № 360 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 29 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.19.01. № 24 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 10-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.12.09. № 360 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 29 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін басқарудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.