Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 27 шілдедегі № 271 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 129-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 27 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10301 болып тіркелген);
2) «Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12927 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.