«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 164-НҚ бұйрығы

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 164-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22644 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:

1-тармағының үшінші және төртінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) баланың заңды өкілдері - ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс) орналастыру мыналарды қамтиды:

1) мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу;

2) шығармашылық үйірмелерге орындарды бөлу тәртібі.

Оператор мемлекеттік тапсырысты орналастыруды «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - ҰБДҚ) интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.