Азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 260 бұйрығы
(2025.05.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.15.08. № 323 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау қағидалары бекітілсін.
2. «Азаматтық қорғаныс мүддесінде қорғану құралдарындағы қажеттілікті айқындау туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 313 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6022 тіркелген және 2010 жылғы 12 наурыздағы «Юридическая газета» № 37 (1833), 2010 жылғы 12 наурыздағы «Заң газеті» № 37 (1659) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.