«Қазақстан оқушыларының ХІ жазғы гимназиадасын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 59 бұйрығы

Қазақстан оқушыларының ХІ жазғы гимназиадасын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 59 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысының 21-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, білім алушы жастардың денсаулығын нығайту және білім беру ұйымдарында спортты дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (С.К. Садықов) Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Орал және Өскемен қалаларының аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық департаменттерімен келісім бойынша 2022 жылғы наурыз бен тамыз аралығындағы кезеңде Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Орал және Өскемен қалаларында Қазақстан оқушыларының ХІ жазғы гимназиядасын (бұдан әрі - Гимназиада) ұйымдастырсын және өткізсін.

2. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Гимназиаданы ұйымдастыру комитетінің құрамы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Гимназиаданың бас төрешілер алқасының, мандаттық комиссияның және аппеляциялық қазылар алқасының құрамдары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Гимназиаданың бағдарламасы бекітілсін.

3. Облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары (келісім бойынша):

1) Гимназиада қатысушыларының уақытында келуін қамтамасыз етсін;

2) Іссапар шығыстарын жіберуші тараптың есебіне жатқыза отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Орал және Өскемен қалаларына дейін және кері қайту жолындағы қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапты жетекшілерді тағайындасын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.