«Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 109/3 Қаулысы (күші жойылды)

«Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 109/3 Қаулысы

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 156/3 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімінің

міндетін атқарушы

 

Д. Тұрғанов

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2016 жылғы 7 сәуірдегі

№ 109/3 қаулысына

қосымша

 

 

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.