«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-1-4/538 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-1-4/538 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Е. Ашикбаев

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрлігі

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің м.а.

2026 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 11-1-4/538 бұйрықпен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.