Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 Қаулысы
(2015.20.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.