«Елді мекеннің техникалық сумен жабдықтау жүйелері беретін техникалық судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 29 шілдедегі № 494 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Елді мекеннің техникалық сумен жабдықтау жүйелері беретін техникалық судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Мұратов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
Министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Денсаулық сақтау министрінің
2025 жылғы 29 шiлдедегi
№ 494 бұйрығына қосымша
«Елді мекеннің техникалық сумен жабдықтау жүйелері беретін техникалық судың қауіпсіздігі туралы»
техникалық регламент
1-тарау. Қолдану саласы