«Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 101/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру тәртібін айқындайды»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидалар мыналарға:
1) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерді қамтитын, өндейтін және (немесе) беретін электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға;
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық объектілерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің электрондық ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қолданылмайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға (бұдан әрі – мемлекеттік органдардың қызметтерін автоматтандыру) бастамашылық мынадай негізде жүзеге асырылады: