«Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 Қаулысы

Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 Қаулысы

 

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2015 жылға литріне 1300 теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек сауда бағалары белгіленсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 Қазақстан Республикасы

 Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы

№ 143 қаулысына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің

 тізбесі

 

1. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.