«Кәсіптік стандарт: «Су тазарту құрылыстарын салу» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 560 бұйрығына 10-қосымша (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2026 жылғы 4 қарашадағы

№ 560 бұйрығына 10-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт:

«Су тазарту құрылыстарын салу»

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Су тазарту құрылыстарын салу» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді. Кәсіптік стандарт су тазарту құрылыстарын, таза су резервуарларын, сорғы станцияларын және олардың жұмыс істеуімен байланысты технологиялық құбыржолдарды салу саласында, монтаждау, іске қосу-баптау және сынақ жұмыстарын орындау кезінде, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау кезінде қолданылады.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) - салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

2) Кәсіби стандарт - формалды және (немесе) формалды емес және (немесе) информалды білім беруді ескере отырып, белгілі бір кәсіптік қызмет саласындағы білімге, машықтарға, дағдыларға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбектің мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

3) Сумен жабдықтау жүйесі - уды қажетті мөлшерде және сапада тұтынушыларға алуға, дайындауға, сақтауға, жинақтауға, тасымалдауға және беруге арналған инженерлік құрылыстар кешені;

4) Су тазарту станциясы (сумен жабдықтауды тазарту станциясы) - табиғи суды белгіленген сапа көрсеткіштеріне дейін дайындауға арналған құрылыстар мен технологиялық жабдықтар кешені, ол қабылданған технологиялық схемаға қарай реагенттік шаруашылықты, араластырғыштарды, үлпек түзу камераларын, тұндырғыштарды, сүзгілерді, мөлдірлеткіштерді, таза су резервуарларын, сорғы станцияларын және өзге де құрылыстарды қамтиды;

5) AIM (Asset Information Model) - пайдалану кезеңіндегі активтің ақпараттық моделі;

6) Кәсіби міндет (міндет) - функцияны жекелеген іс-әрекеттерді орындау үшін бөлшектеуге мүмкіндік беретін еңбек функциясының элементі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.