Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 235 Қаулысы
(2021.13.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 37 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.12. № 104 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Ерекше реттеу режиміне қатысу үшін іріктеудің мына өлшемшарттары бекітілсін:
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымы және (немесе) кемінде 2 (екі) жыл қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де резидент-заңды тұлғасы болып табылады;
2) өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу үшін өтініш беру күніндегі міндеттемелері оның активтерінен аспайды;
3) өтініш берушіде аяқталған 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша зияндары жоқ;
4) жеке тұлға-құрылтайшыда не өтініш беруші заңды тұлға-құрылтайшының атқарушы орғанының немесе басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ және (немесе) оларға қатысты экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық қудалау жүзеге асырылмаған;