«Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту қағидаларында:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қорғауды құралымдары - бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі (жасақтар, командалар, бригадалар, топтар, буындар, бекеттер).»;
24-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Азаматтық қорғау құралымдарын даярлау мыналарды қамтиды: