«Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 306 бұйрығы

«Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 306 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімдегі актінің тіркеу нөмері 20883 электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкі 2020 жылғы 24 маусымда жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:

4-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. көрсетілетін қызметті берушіге:

1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);

2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы №469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;

5) баланың денсаулығы туралы анықтама;

6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).

Порталға:

1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды);

2) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);

3) баланың тууын куәландыратын құжат (уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен алынады);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.