(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.23.08 № 1080 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2016 ж. 1 қыркүйекке дейін қолданылған редакция

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 292 Қаулысымен мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістерді қараңыз ((2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі)

)

Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 56-бабына сәйкес әзірленген.

2. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары білім беруді:

1) осы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;

2) үлгілік оқу жоспарларына;

3) Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

3. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

1) орта білімнің базалық (міндетті) мазмұнының жалпы нормаларын, құрылымы мен құрамын анықтайды;

2) білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін, білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларын, білімді бақылау мен бағалау жүйесін регламенттейді;

3) жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;

4) білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларына: мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, жалпы орта білім беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын және білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды нормативтік қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.

4. Орта білім беру стандартында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер және олардың анықтамалары енгізілді:

1) Білімнің базалық мазмұны - жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.